Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Елімізде тағы да күн суытады

Синоптиктер кей жерде тұман, бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі байқалатынын мәлімдеді.

Елімізде тағы да күн суытады
фото: ашық дереккөз

11-13 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлады paryz.kz.

Қазгидрометтің хабарлауынша, температураның төмендеуі күтілуде. Синоптиктер кей жерде тұман, бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі байқалатынын мәлімдеді.

"Жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын байқалатын циклонның артынан суық Солтүстік-Батыс антициклоны жылжи бастайды. Онымен жауын-шашынның қысқа мерзімге тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Елдің оңтүстік аймақтарына Жерорта теңізінің аудандарынан циклонның шығуы әсер етеді. Ол жауын-шашын әкеледі, кей жерде қатты жаңбыр жауып, қар түседі. Кей жерде тұман, бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады", - деп хабарлады синоптиктер.