Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қостанай облысында жаттықтырушы бюджет қаржысын жымқырған

Қостанай облысында спорт мектебінің жаттықтырушысы бюджет қаржысын заңсыз иемденген, деп хабарлайды paryz.kz.

Қостанай облысында жаттықтырушы бюджет қаржысын жымқырған
Фото: paryz.kz

Облыстық прокуратураның мәліметінше, 2022 жылдың қазанынан 2024 жылдың қаңтарына дейін Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-де балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шорт-трек бойынша жаттықтырушы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алымдар мен жарыстарға іс жүзінде бармаған адамдарды заңсыз көрсету арқылы шығындардың көлемін ұлғайта отырып, жалған аванстық есептер құрастырған.

Осылайша, жаттықтырушы 5,9 млн теңгені қолды қылған. Кейіннен ұрланған қаражатты депозиттік шотқа аударған. Ол жерден ай сайынғы сыйақыны 9,6% пайыздық мөлшерлемемен алған.

Депозит бойынша пайыздық сыйақы түрінде түскен қылмыстық кіріс 613,1 мың теңге болды. Оның әрекеттері Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде ұрлау») 218-бабының 1-бөлігі («Ақшаны заңдастыру (жылыстату), яғни конверсия түрінде мәмілелер жасау арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңды айналымға тарту») бойынша сараланады.

Санкция баппен 6 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді, – делінген прокуратура хабарламасында. Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды.