Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Жақын арада оң шешімін табады»: Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қытай түрмесінде жатқан Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Жақын арада оң шешімін табады»: Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Facebook/Cұңқар Нұрмағамбетов

«Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты біз Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып, Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Біз ол жұмысты тоқтатқан жоқпыз.

Ол жұмыс белсенді түрде атқарылып жатыр. Менің ойымша, жақын арада оң шешімін табады деп сенемін. Бұл оңай жұмыс емес. Ол өз жазасын елімізге келіп өтеуге қатысты оның арызы бізге түскен. Ол жазасын елімізге келіп өтегісі келеді. Ол өзінің адвокатымен тұрақты түрде байланыста», - деді Ғалымжан Қойгелдиев.