Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Ұлытау облысында 11 ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды

Ұлытау облысында 15 шенеунік жауапқа тартылды, деп хабарлайды paryz.kz.

Ұлытау облысында 11 ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды
Фото: Halyq Uni

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген талдау қорытындысы бойынша, өңірде I және II санаттағы 66 оператордың өндірістік экологиялық бақылау нәтижелеріне қатысты есептерді ұсынбауының 125 фактісі анықталды.

Олардың қатарында жер қойнауын пайдаланушылар, коммуналдық кәсіпорындар, ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарына тиесілі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары және тағы басқалары бар.

Осының салдарынан уәкілетті орган өңірдегі экологиялық жағдайды объективті бағалай алмай отыр. Аталған фактілер бойынша прокуратура Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының 11 ауылдық округ әкімдеріне қатысты 20 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғады. Қазір прокуратураның қадағалау актісі бойынша Экология департаменті қалған табиғат пайдаланушыларды әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдап жатыр, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бұдан басқа, «Прокуратура туралы»Конституциялық заңның талаптарын бұзғаны үшін («Прокурордың заңды талаптарын орындамау», «Прокурорды хабардар етпеу» және «Прокурорлық қадағалау актілерінде көрсетілген заңбұзушылықтарды жоюға шаралар қолданбау») Ұлытау облысының Экология департаментінің, ветеринария, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының басшылары ӘҚБтК-нің 664, 665, 666-баптары бойынша жауаптылыққа тартылды. Бүгінде кінәлілерге салынған 4,6 млн теңге айыппұл толық өндірілді.