Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Шымкентте есірткі жарнамалаған бозбала 6 жылға сотталуы мүмкін

Шымкентте есірткі жарнамалаған 16 жастағы бозбала қолға түсті. Осы әрекеті үшін ол алты жылға дейін сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте есірткі жарнамалаған бозбала 6 жылға сотталуы мүмкін
фото: видеодан скриншот

Жасөспірімді жедел уәкілдер қылмыс үстінде ұстады. Оның заңға қайшы жұмысты интернеттен тапқаны және маусым айынан бері қала аумағында есірткі заттарын жарнамалаумен айналысқаны анықталды.

Шымкент тұрғынынан өзі дайындаған жарнамалық жазулары бар парақшалар тәркіленді.

«Полиция есірткіні насихаттау және жарнамалау дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Заңнамаға сәйкес, аталған қылмыс үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - делінген хабарламада.