Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Түрмеде отырған танысына есірткіні мантыға түйіп өткізбек болған: Абай облысында күдікті ұсталды

Абай облысында сотталған адамға есірткіне жасырып кіргізбек болған күдікті қолға түсті. Бұл туралы paryz.kz агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Түрмеде отырған танысына есірткіні мантыға түйіп өткізбек болған: Абай облысында күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекемесінде тексеру топ қызметкерлері қырағылық танытып, мекеме аумағына есірткі түйілген мантылардың жеткізілуінің жолын кесті.

 Жазасын өтеуші сотталған танысына, кездесуге келген 29 жастағы Семей қаласының тұрғыны, 24 мантының ішіне, ет орынына есірткі түйіп әкелген. Тәртіп бөлімінің тексеру тобы мен ұлттық ұлан қызметкерлері, келушінің сәлемдемесін тексеру барысында, 24 мантының ішіне жасырылып түйілген есірткіні тауып, тәркіледі. Мантытүйгіш семейлік 24 мантының ішіне барлық салмағы 650 грамнан асатын гашиш салған екен.

 «Сотталғанның семейлік танысының құқық бұзушылығы бойынша, Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің 297-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», – дейді мекеме бастығының орынбасары Ерсін Ахметжанов.