Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды

Бас прокуратура аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында қазақстандықты Қырғыз Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды paryz.kz.

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды
Фото: Halyq Uni

Ақпаратқа сәйкес, күдікті 2023 жылы Алматыда желдетуге арналған бөлшектер мен кондиционерлерді жеткіземіз деген сылтаумен кәсіпкердің 75 миллион теңгеден астам қаржысын жымқырған. Қылмыс жасағаннан кейін алаяқ қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған.

Биыл мамырда ол Бішкекте ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша өз еліне экстрадицияланды. Қазір күдікті Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, ол 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.