Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысына қосымша сұйытылған газ жөнелтілді. Бұл туралы энергетика министрлігі хабарлады.
24 қазанда Ақтөбе облысына Шымкент МӨЗ ресурстарынан 900 тонна қосымша сұйытылған газ бөлінді. Батыс Қазақстан облысына «Теңізшевройл» ресурстарынан 180 тонна қосымша жеткізілді, - деп хабарлады министрлік.
Сондай-ақ Маңғыстау облысына ҚазГӨЗ-ден тәулігіне жеткізілетін газ көлемі 100-150 тоннаға ұлғайтылды. Айта кетейік, бұған дейін батыс өңірде сұйытылған газға сұраныс артқаны белгілі болды.