Тәртіп сақшылары 15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетелдікті құрықтады, деп хабарлайды paryz.kz.
Polisia.kz мәліметінше, Түркістан облысы экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 15 жыл мемлекетаралық іздеуде болған екі шетел азаматын қолға түсірді.
Нақтырақ айтсақ, полицейлер Түркістан облысының аумағында 2009 жылдан бері бірқатар ауыр қылмыс жасағаны үшін өз отанында іздеуде жүрген көрші мемлекеттің екі азаматын құрықтады, – делінген ақпаратта. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Барлық жағдай анықталып жатыр.