Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Сапаровтар әулетінің СҚО-да үлкен бизнесі бар: министр ақпаратты растады

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров СҚО-да туыстарының жер телімі бар екені, мемлекет тарапынан субсидияланғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Сапаровтар әулетінің СҚО-да үлкен бизнесі бар: министр ақпаратты растады

Ведомство басшысы өз сөзінде бұл ақпаратты жоққа шығарған жоқ.

«Ол кісілерде осы жер телімдері болғанмен, бәрін заңды түрде алып жатыр. Талай тексерістен өткен. Тексерістің нәтижесі бар. Ол жаққа көңіл бөлетін менің ешқандай уақытым жоқ. Олар өздері жұмыс істеп жатыр. Ол да ауыл, бір машинасы бар. Ешқандай шағым түскен жоқ», - деп жауап берді министр.

БАҚ өкілдері тарапынан осы мәселе бойынша ақпарат беттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қозғалғаны туралы мәлімет тарағаны туралы сауал қойылды.

 «Ешқандай іс қозғалған жоқ», - деп ведомство басшысы қысқа қайырды.