Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Тұрлыхановтың ұлы сот залында қамауға алынды

Алматы қаласы Медеу ауданының No2 аудандық соты пробация қызметінің Нұрасыл Болатқа қатысты жазаны – бас бостандығын шектеуді одан айырумен ауыстыру туралы ұсынысын қарады. Бұл туралы Жоғарғы соттан мәлімдеді.

Тұрлыхановтың ұлы сот залында қамауға алынды
фото: видеодан скриншот

Бұл туралы Жоғарғы соттан мәлімдеді. Бұған дейін Жоғарғы Сот Н.Болатқа екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК-нің107-бабы 2-бөлігі 1-тармақшасы бойынша) 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын. Болат пробация қызметінің есебіне алынып, жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарымен және оны бұзғаны үшін жауапкершілікпен танысқан. 

«Сотталғанның орналасқан жерін бақылауды қамтамасыз ету үшін электронды бақылау құралы қолданылды. Осыған қарамастан, Болат пробациялық бақылаудың 3 рет заң бұзушылықтарына жол берген, ол сотпен зерттелген дәлелдемелермен расталған. Осылайша, сотталушы жазасын өтеу тәртібімен шарттарын қасақана бұзған», - делінген сот хабарламасында. 

Қылмыстық кодекстің 44-бабының 3-бөлігіне сәйкес, бас бостандығын шектеуді өтеуден қасақана жалтарған жағдайда оның өтелмеген мерзімі бас бостандығын шектеудің бір күніне бас бостандығынан айырудың бір тәулік мөлшерінде бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.

Сот пробация қызметінің өтінішхатын негіз деп танып, оны қанағаттандырды. Н.Болатқа бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы өтелмеген мерзімге 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айырумен ауыстырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.