Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2024 жылдың 22-24 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ құбылыстары, батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр, жекелеген облыстарда күндіз найзағай болады.

«23 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), 24 қазанда Жетісу облысында тауларда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Қазақстан бойынша жел мен тұман күшейеді деп күтілуде. Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбайды», - деп хабарлайды «Қазгидромет».