Алматыдағы жасырын жерасты цехтың ішінде көліктердің бірегей кодтарын өзгертіп, оларға заңсыз құжат жасаған 17 адам ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Полиция мен прокуратура осындай схема арқылы жалған құжатпен жүрген 150 көлік иесін анықтаған. Осы қылмыстық схеманың кесірінен бюджетке 320 млн теңге залал келгені анықталған.
Айтып өткеніміздей, қылмыстық топ жерасты цехына тығылып алып, құжаттардың бірегей кодын, яғни, VIN-кодтарын ауыстырып отырған.
«Қылмыстық іс-әрекетке арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің және делдалдардың қатысы бар екені анықталды. Бір дропперге 50 автокөлікке дейін тіркелген. 17 күдікті ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді», - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі Қуандық Алпыс.