Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Сынып жетекшілерге төленетін қосымша ақы көбейеді

Елімізде мұғалімдердің сынып жетекшілігіне төленетін қосымша ақы өседі, деп хабарлайды paryz.kz.

Сынып жетекшілерге төленетін қосымша ақы көбейеді
Фото: Артем Чурсинов

Бұған дейін депутаттар осы мәселеге қатысты Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдаған болатын.

Үкімет басшысының жауабында мұғалімдерге сыныпты басқарғаны үшін төленетін ақысы кезең-кезеңімен көбейтілу мәселесі қарастырылып отырғанын айтты. 

«Балалардағы деструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша оқушылармен және олардың ата-аналарымен тікелей қарым-қатынаста болатын 220 мың сынып жетекшісінің қызметін жүйелеу мақсатында олардың қызметі мен біліктілік сипаттамалары туралы ереже қайта қаралып жатыр. Олардың жағдайын жақсарту үшін бюджеттік мүмкіндіктерді ескере отырып, сыныпты басқару үшін қосымша төлемді кезең-кезеңімен 30%-ға арттыру мәселесі талқыланып отыр, - делінген Бектеновтің ресми жауабында.