Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйел сотқа тартылды

Астанада Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін 100 млн теңге сұраған әйелге қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйел сотқа тартылды
Фото: Астана соты баспасөз қызметі

Бұған дейін Антикор Бишімбаевтың «үкімін жеңілдету» сылтауымен 100 млн теңге жымқырды деген күдік бойынша астаналық әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Тергеу Қуандық Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша жүргізілген. Іс сотқа қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы – 24-бабы 3-бөлігі және 367-бабы 4-бөлігі – 28-бабы 4-бөлігі бойынша түскен.

17 қазанда Людмила Грачеваның ісі бойынша жарыссөз басталды. Мемлекеттік айыптаушы оны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.