Әйгілі бизнесмен, инженер, миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск Қазақстанға келді, деп хабарлайды paryz.kz.
Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қарашаш Жүзеева Мэй Масктың тұсау кесіп жатқан видеосын жариялады.
Әйгілі Илон Масктың анасы қазақтың салт-дәстүріне де куә болды. Ол кішкентай бүлдіршін қыздың тұсауын кесіп, алғашқы қадамына себепкер болды.
Айта кетейік, Мэй Маск Алматыға алғаш рет өтетін «BeWoman» әйелдер форумында сөз сөйлеу үшін келді. Ол сұхбат форматындағы 45-минуттық сессияда денсаулық, тамақтану, қартаю, гендерлік теңдік, баланы жалғыз тәрбиелеу, қиындықты жеңе білу жайлы баяндайды.