Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Шерзаттың өлімі: күдікті жігіттің анасы үндеу жасады

Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзаттың ісі бойынша қазір 10 адам қамалған. 13 қазанда ұсталған күдіктінің анасы ұлын әділетсіз қамап тастағанын айтып, үндеу жасады, деп хабарлайды paryz.kz.

Шерзаттың өлімі: күдікті жігіттің анасы үндеу жасады
фото: видеодан скриншот

Шерзат Полаттың ісі бойынша алғашында 7 адам қамалған болатын. Кейін Алматы облысының прокуроры Берік Адамов 13 қазанда тағы 3 адам ұсталғанын хабарлады.

Осы күні ұсталған күдікті жігіттің анасы ІІМ мен бас прокуратураға үндеу жасады. «Менің ұлым оқиға орнында болмаған. Оның неге ұсталғанын түсінбедік. Менің үндеуіме құлақ асса деймін. Кепілдікпен ұлымды үйқамаққа жіберуді қарастыруын сұраймын», - дейді ол. 

Үндеуге қатысты Алматы облысының полиция департаменті пікір білдірген.

«К. Есімді күдіктінің анасының өтініші бойынша хабарлайтын болсақ, 13 қазанда үш күдікті қамауға алынды. Оларға ҚР ҚК-нің «Қылмыс туралы хабарламау» 434-бабы айыпталып жатыр. Жүргізілген тергеу іс-шаралары күдікті К.-ның жасалған қылмыс туралы хабардар болғанын сенімді түрде анықтады.

Соттың санкциясымен ол екі ай мерзімге қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі толық және объективті тергеу үшін барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізілуде, оның аясында барлық қатысушының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», - делінген хабарламада.