Ақтөбе облысының Хромтау ауданында жантүршігерлік оқиға болды. Полицейлер бір тұрғынның мұздатқышынан адамның басын тауып алды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Анықталғандай, бұл – бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен жігіттің мәйіті.
Туыстары іздеу салып, полицияға хабарлаған. Таяуда оның мүрдесі Хромтау ауданының шетіндегі шлам қалдықтарының арасынан табылған болатын.
Қылмыскерлер денесін бөлшектеп, жасырған. Бұл іске күдікті ретінде 2 адам ұсталды. Хромтау қаласында мәйіттің табылу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында 2 адам анықталып, ұсталды. Қазір сот 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялады. Іс бойынша барлық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр, – деді облыстық ПД тергеу басқармасының бастығы Бауыржан Асау.