Талғарда әлеуметтік желіде көп аты аталған шенеунік қызметінен кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметтен шеттетілді. Аудан әкімі мен оның орынбасары сөгіс алды.
Бұған дейін кейбір БАҚ Қасымбаевтың «хуторлық» бандиттермен байланысы туралы жазған болатын.
Алайда бүгін ІІМ-де өткен брифингте мұндай ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы есепте тұрмайтынын мәлімдеді.