Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Қарағанды облысында жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
фото: видеодан скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ХҚКО қызметкерлері көліктердің бастапқы тіркеу алымы мен утилизациялық алымды төлеуден босату мақсатында интеграцияланған ақпараттық жүйеге жүк көліктерінің VIN-кодтары бойынша жалған деректер енгізгені анықталды.

Осылайша, олар 33 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеуден өткізген. Жергілікті бюджетке 315 млн теңгеден астам сомаға төлемдер түспеген.

Күдіктілер-мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы және ХҚКО басшысының орынбасары ұсталды. Сот оларға «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Күдіктілердің 42 млн теңге көлемінде мүлкі бұғатталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.