Алматыда экс-судья Светлана Жолманова сот санкциясымен екі айға қамалды. Бұл туралы адвокаты Мұрат Адам әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Алматының тергеу соты экс-судья Светлана Жолманованы екі айға қамауда ұстау түрінде шешім шығарды», - деп жазды адвокат.
Айта кетейік, 9 қазанда Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдік бойынша ұсталды.
«Медеу аудандық полиция басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді», – деп хабарлады Алматы полиция департаменті.