Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Петропавлда полиция жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырды

Петропавлда полиция ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырды, деп хабарлайды paryz.kz.

Петропавлда полиция жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырды
Фото: polisia.kz

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге көліктің қысқы дөңгелектерін уақытында айырбастауға кеңес береді. Көктайғақта апаттың қаупін барынша төмендету үшін көлік жылдамдығын азайтып, алда кетіп бара жатқан автомобильге дейінгі арақашықтықты ұлғайту керек. Бұл жол-көлік оқиғасы туындаған жағдайда шұғыл шешім қабылдау үшін уақыт ұтуға мүмкіндік береді.

Жолда жаяу жүргіншілер де сақ болуы керек. Қар жауып, жолда мұз пайда болғанда көліктердің бірден тоқтауы қиындайды. Ересектер балаларға жолдағы қауіпсіздік ережесін түсіндіруі қажет, – деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Әлібек Ғабдуллин. 

Айта кетейік, бүгінде қалада жағдай тұрақты, көлік апаттары тіркелмеген.