Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қарағанды облысындағы дала өрті сөндірілді – ТЖМ

Қазақстан ТЖМ құтқару бөлімшелері Қарағанды облысының аумағындағы өртті сөндірді. Өрттің аумағы анықталып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қарағанды облысындағы дала өрті сөндірілді – ТЖМ
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақпаратқа сәйкес, бүгін «Қазавиақұтқару» АҚ борты өрттің аумағына аэровизуалды барлау жүргізген. Қазір жағдай тұрақты, жаңа өрт ошақтары байқалмайды. Секундына 20 метр қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты.

«Қарағанды, Ақмола, Абай облыстары, Астана қаласы ТЖД құтқарушылар топтары, ҚР ТЖМ 68303, 52859 әскери бөлімдері мен жергілікті атқарушы органдар өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарына тартылды. Сондай-ақ ТЖМ, ІІМ ҰҰ, Қорғаныс министрлігінің 5 әуе кемесі жұмылдырылды. Әуе кемелері өрт ошақтарына 62 рет жалпы көлемі 112 тонна су төкті. Өртті сөндіруге 609 адам және 93 техника, 3 ҰҰА жұмылдырылды, – делінген хабарламада.

ТЖ министрінің тапсырмасы бойынша елді мекендер мен орман шаруашылығын қорғау үшін қосымша күштер және құралдар арттырылды. Соның арқасында 7 елді мекенге: Қоянды ауылы, Теректі ауылы, Айыр, Қызылшілік, Шөптікөл, Атантай, Қолбасы бөлімшелері, сондай-ақ 11 шаруа қожалығына өрттің таралуына жол берілмей қорғап қалды, онда 1,5 мыңға жуық адам тұрады және 33 мыңнан аса мал бар.

Сонымен қатар ТЖМ құтқару топтары Егіндібұлақ ауылы ауданындағы Кувский шаруашылығының орман қоры аумағына оттың таралуына жол бермеді.

Еске сала кетсек, 2024 жылғы 6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Шарықты және Қоянды ауылдық округтеріндегі дала аймағында биіктігі 1 метрге дейін құрғақ шөп жанды.