Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

БҚО-да анасын пышақтап өлтірген жасөспірім сотталды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен 56 жастағы анасын пышақтап өлтіру дерегі бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Paryz.kz.

БҚО-да анасын пышақтап өлтірген жасөспірім сотталды
Фото: istockphoto.com

Соттың баспасөз қызметі жасөспірімге ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес, аса қатыгездікпен адам өлтірді деген айып тағылғанын мәлім етті.

«Істің мән-жайын заң бойынша жария ету мүмкін болмағандықтан, жабық сот отырысында қаралды. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінетінін айтты», - делінген хабарламада. 

Үкімді шығару кезінде сотталушының кәмелетке толмағаны, мінез-құлқы, қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен жасаған қылмысының ауырлығы және шын ниетпен өкінуі ескерілді.

Сот заң талаптарын негізге ала отырып, оған ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.