Прямая трансляция

Астана

Астана

15.03°C

Жетісу облысында білім бөлімі есепшілері ақша жымқырған

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы білім бөлімі есепшілері бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жетісу облысында білім бөлімі есепшілері ақша жымқырған
Фото: paryz.kz

Прокуратура мәліметінше, 2021-2023 жылдар аралығында білім бөлімінің 3 есепшісі білім бөлімінде жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз жалақы мен еңбек демалысы жәрдемақысын аударған.

Келтірілген шығын – 34 млн теңге. Осы факті бойынша облыс прокуратурасы тергеу жүргізіп, нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Сот үкімімен бухгалтерлер Қылмыстық кодекстің 63-бабы («Шартты түрде соттау») бойынша 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды, – делінген прокуратура хабарламасында. Келтірілген залал мемлекет кірісіне толық көлемде өтелді.