Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Сыбайлас жемқорлық деңгейі бір жылда 8 пайызға артқан

Қазақстанда 7 айдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер 8,1%-ға артты, деп хабарлады Finprom.kz.

Сыбайлас жемқорлық деңгейі бір жылда 8 пайызға артқан
© Sputnik / Абзал Калиев

Осы уақыт ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1,2 мың қылмыс тіркелді, бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 8,1%-ке артық.

Оның үштен бірі – пара беру. Ең көп таралған сыбайлас жемқорлық қылмысқа пара алу (249 жағдай), сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе жымқыру (210 жағдай), сыбайлас жемқорлық алаяқтық (143 жағдай) және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану (137 жағдай) кірді.

Биыл жеті айда 933 қазақстандыққа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін күдікті деп тану туралы қаулы шығарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,4%-ке артық. Оның ішінде 548 адам сотталды.

Сотталғандар - әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері. Сотқа берілгендердің арасында ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі және қаржы министрлігінде қызмет ететін көптеген ішкі істер органдарының қызметкерлері бар. 

Қазақстан 2023 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық рейтингінде 180 елдің ішінде 93-ші орында тұр.