Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

«Балаңыз сізден қорықпауға тиіс». ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

Елімізде суицид дерегінің жиі тіркелуіне байланысты Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Балаңыз сізден қорықпауға тиіс». ІІМ ата-аналарға үндеу жасады
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев биыл суицид белгісі бар 43 интернет ресурс анықталып, Мәдениет және ақпарат министрлігіне бұғаттауға жіберілгенін айтты.

Ол адамның неге өзіне қол салғаны тек тергеу барысында анықталатынын атап өтті. Суицид жасау мен оған оқталудың 14 дерегінде кәмелетке толмағандар мас күйде болған, ал бір жағдайда жасөспірім есірткі тұтынған.

Талдау барысында 15-17 жас аралығындағы, яғни өтпелі кезеңдегі жөспірімдер суицид жасайтыны анықталды, - деді ресми өкіл.

Шыңғыс Алекешев Қазақстанда суицид дерегінің жиілеуіне байланысты ата-аналарға үндеу жасады:

Балалардың мінез-құлқымен эмоционалды жағдайын қатаң бақылауда ұстауларыңызды сұраймыз. Олармен ашық әңгімелесіңіздер; Олардың неге қызығатынын біліп жүріңіздер. Уақыт бөліп, барынша қолдауға тырысыңыздар; Балалардың көңіл-күйіндегі, мінез-құлқындағы немесе әлеуметтік ортасындағы өзгерістерге назар аудару маңызды! Егер қандай да бір күмәнді белгілер байқалса, жағдайды тез арада қолға алу керек! Жай ғана жылулық пен қамқорлық танытудың өзі қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін! Интернетте қауіпсіздік шарасын сақтауды үйретіңіздер. Балалар әлеуметтік желілерде немесе онлайн ойындарда кездесуі мүмкін қауіптер туралы білуі шарт! Балаларға түсіндіру жұмысын жүргізіңіз. Егер олар күдікті дүниеге тап болса, сізден көмек сұрауға қорықпауға тиіс. Жалпы әрбір суицид дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Кәмәлетке толмағандардың өзіне қол жұмсауына ықпал ететін себептер анықталып, олар зерделенді, - деді ресми өкіл. 

Шыңғыс Алекешев себептер төмендегідей екенін жеткізді:

Өзін жалғыз сезіну; Материалдық жағдайдың қиын болуы;

Ата-аналармен немесе туыстарымен жанжалдасу;

Оқудағы ұрыстар; Ата-анасының ажырасуы;

Жақын адамның қайтыс болуы; Жазаланудан қорқу және тағы басқа.