Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Оқушы қыздар құрдасына қысым көрсетіп, ақша бопсалаған

Алматы облысы Полиция департаменті оқушы қыздан ақша бопсалаған кәмелетке толмаған қыздарды анықтады, деп хабарлайды paryz.kz.

Оқушы қыздар құрдасына қысым көрсетіп, ақша бопсалаған
фото: Арман Мухатов

Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жастағы оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, жауапкершілікке тартты. Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздардың құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды, - деді ол. 

Құқық бұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді.

Бұл факт Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді, іс материалдары одан әрі қарау үшін сотқа жөнелтілді. Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жалғастырып жатыр.