Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Қуандық Бишімбаев түрмеде немен айналысып жүр?

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев түрмеде әлі жұмысқа орналаспаған. Ақпаратты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады, деп хабарлайды Paryz.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Қуандық Бишімбаев түрмеде немен айналысып жүр?
Фото: Halyq Uni

«Бишімбаевтың жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтеп жатқаны белгілі. Алайда бос жұмыс орнының болмауына байланысты ол әлі жұмысқа кіріспеген. Бос жұмыс орны жоқ», – деп жауап берді комитеттің баспасөз қызметі. 

2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болған.

Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды.