Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Оңтүстік Африкада төпелеп жауған қардан көлік қозғалысы қиындады

21 қыркүйекте Оңтүстік Африкада күтпегенде қар жауып, бірнеше тас жолда көлік қозғалысы тоқтап қалды. Бұл туралы France 24 телеарнасы хабарлады.  

Оңтүстік Африкада төпелеп жауған қардан көлік қозғалысы қиындады
Фото: Africa Facts Zone/Х

Йоханнесбург пен шығыс жағалаудағы Дурбан қаласын байланыстыратын N3 тасжолы жабылған. Кейбір аудандарда екі метрге дейін қар жауды. Жүргізушілер көлікте түнеуге мәжбүр болды.

Құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметімен қатар әскер де жұмылдырылды. 

КваЗулу-Натал провинциясының үкіметі қиын жағдайға тап болған кейбір жүргізушілер көрпе-жастық пен азық-түлік жеткізіп берген.

Жол қозғалысын басқару корпорациясының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері жүк көліктері 20 қыркүйектен бері жол жиегінде тұрғанын айтқан.