Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Алматы облысында бір топ барымташы малды жайылымда сойып, етін әкетіп отырған

Алматы облысының полицейлері «Учаске» жедел іс-шарасы барысында бір топ мал ұрысын ұстады.

Алматы облысында бір топ барымташы малды жайылымда сойып, етін әкетіп отырған
фото: видеодан скриншот

Криминалдық полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының аумағында екі күдіктіні ұстау бойынша жұмыс жүргізді. Қазір олардың үш мал ұрлығына қатысы бары анықталды, — деп хабарлады облыстық криминалдық полиция басқармасы.

Барымташылар бүкіл мал ұрлығын осындай бір схемамен жасаған, олар мал қараусыз жайылатын жерлерді таңдайтын. Содан кейін малды сол жерде сойып, етін көліктің жүксалғышына тиеп алып кететін.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп, барлық қажетті тергеу жүріп жатыр.