Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

14 млн: Мұрат Әбділдә түрмеден шыға сала миллионер атанды

Түрмеден шыққан TikTok-блогер Мұрат Әбділдә бір күнде миллионер болды, — деп хабарлайды Paryz.kz Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

14 млн: Мұрат Әбділдә түрмеден шыға сала миллионер атанды
фото: видеодан скриншот

18 қыркүйекте блогер TikTok-та өзге блогермен батлға шығып, үш рекорд орнатқан. Әбділдә, біріншіден, TikTok-тағы лайк саны бойынша рекорд орнатқан.

Блогер жарты сағаттың өзінде 151,5 миллион лайк жинаған.

Екіншіден, блогердің тікелей эфирін бір сәтте 170 мың адам көрген. Бұл да TikTok-та тіркелген жаңа рекорд. 

Үшінші рекорд — Мұрат Әбділдә отырған тікелей эфирдің сілтемесін тарату бойынша жасалған.

Тікелей эфирді 196,9 адам бөліскен. Сонымен қатар, тікелей эфирді көріп отырған адамдар блогерге 30 минуттың ішінде 6 024 549 алмас жіберген. Бұл TikTok есептері бойынша, 30 122 доллар немесе 14 432 528 теңге.