Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертеді

Ұлттық банк қазақстандықтарды алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертеді, деп хабарлайды

Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертеді
Фото: Halyq Uni

Бүгінде елімізде алаяқтықтың жаңа схемалары пайда болған.

«Қаскөйлер өзін коммуналдық қызметтің немесе ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырады. Азаматтарға қоңырау шалып, мобильді телефондағы SIM-картаның қолдану мерзімі немесе коммуналдық есептеуіш құралдың пайдалану мерзімі аяқталғанын хабарлайды. Телефонмен әңгіме барысында азаматтарға олардың қызметін ұзартуға немесе электронды кезекке тұруға болатынын айтады. Кейін алаяқтар ұялы телефонға келген хабарламаны өзіне жіберуді, қауіпті сілтемеге өтіп қосымшаны жүктеуді немесе мессенджердегі жаңа функцияларды іске қосуды, я болмаса дербес деректерін хабарлауды сұрайды. Кейін телефонға қосылып алған соң қаскөйлер азаматтың қаражатын ұрлап, SIM-картаның виртуалды көшірмесін қосып алады», - деп жазылған хабарламада. 

Алаяқтардың әрекеті мұнымен тоқтамайды. Шоттағы ақшаны қолды қылғаннан кейін алаяқтар алданған қазақстандықтарға қайта хабарласып, өздерін Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырады. 

«Сөйтіп, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын орнатып, ақшалай немесе тауар түріндегі кредитті рәсімдейді. Қаскөйлер өз әрекетінің заңдылығын растау үшін Ұлттық Банк қызметкерінің қолдан жасалған қызметтік куәлігін, Ұлттық банктің жалған құжаттарын, немесе банк аударымдарын жасау үшін хаттар мен реквизиттерді ұсынады», - деп жазылған хабарламада. 

Ұлттық банкі азаматтарды қырағы болуға және күдік туғызған қоңырауларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ бейтаныс адамдардың нұсқауымен HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer сияқты қашықтан басқаратын басқа да қосымшаларды орнатпауға шақырады. 

Ұлттық банктің қызметкерлері аудио және бейнеқоңырау жасамайтынын, жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, ақшаны сақтандырумен айналыспайтынын, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырыспайды. Егер алаяқтық іс-әрекетке тап болсаңыз, полицияға арыздана аласыз. Консультация алу үшін Ұлттық банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады.