Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан футзал құрамасы Ливиямен ойнайды

Бүгін, 18 қыркүйекте футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші турда Қазақстан құрамасы Ливиямен кездеседі, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан футзал құрамасы Ливиямен ойнайды
Фото: Kazakhstan Futsal Team

Бүгін, 18 қыркүйекте футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші турда Қазақстан құрамасы Ливиямен кездеседі. Жаһандық дода 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында болады.

Бүгінгі ойын 17:30–да «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирінде көрсетіледі.

Ел құрамасының бүгінгі қарсыласы әзірге әлем чемпионатында жоғары жетістігімен көзге түсе қойған жоқ. Аталған топтағы әлсіз құрамалардың бірі саналады. Әлемдік рейтингте он бесінші орында тұр.

Десе де Африка құрлығында үздіктер қатарынан көрініп келеді. 2024 жылы Африка Ұлттары кубогында қола жүлдегер атанды. 

Қазірге дейін екі құрама ешқашан кездескен емес. Соған қарамастан Қазақстан аталған кездесуде басты фаворит саналып отыр. Ел құрамасы D тобында Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен шеберлік байқасады.

Алғашқы турда Қазақстан құрамасы Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, Ливия Жаңа Зеландияны 5:2 есебімен тізе бүктірді.

Аталған сында ел намысын Нарун Серіков, Леонардо Игита, Арнольд Кнауб, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Азат Валиуллин, Лео, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит және Дуглас Жуниор сынды спортшылар қорғайды.

Сондай-ақ аталған топта Испания мен Жаңа Зеландия құрамалары өзара шеберлік байқасады. Ал С тобында Украина мен Ангола, Аргентина мен Ауғанстан ойнайды.