Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Ескі көліктерге салынатын салық қысқартылмақ

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасын түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ескі көліктерге салынатын салық қысқартылмақ
Фото: Pixabay

Ол заңда жеке тұлғаларға салынатын салық мөлшерін қысқарту ұсынылғанын айтты.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаумен қатар, қоғам жиі көтеретін мәселелер де шешіледі. Жаңа Салық кодексінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату жөніндегі норма көзделген. Сондай-ақ қолдануы 10 жылдан асқан автомобильдер үшін салық сомасы 30%-ға, 20 жылдан асқан автомобильдер үшін 50%-ға төмендетіледі, - деп түсіндірді ол. 

Сондай-ақ Азамат Әмрин қандай «сән-салтанат» заттарына жоғары салық салынатынын айтты:

жиынтық құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мүлік салығының жоғары мөлшерлемесі; кедендік құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге акцизбен қосымша салық салу; қымбат алкоголь және темекі өнімдеріне, сондай-ақ қымбат теңіз кемелеріне, ұшу аппараттарына акцизбен қосымша салық салу.