Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Halyq Uni

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, демалыс күндері еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болады. Сондықтан солтүстікте, шығыста және орталықта атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Сондай-ақ шығыста түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін деген болжам бар. Қазақстан бойынша жел күшейеді, - деп жазылған хабарламада.

Түнде және таңертең солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыста тұман түседі. 16 қыркүйекте 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз ауа температурасы батыста +20+30°С, солтүстік-батыста +12+25°С, шығыста +5+18°С, оңтүстікте +23+32°С, солтүстік және орталықта +15+23°С-тан +10+18°С, оңтүстік-шығысында +10+23°С-тан +15+27°С-қа дейін көтеріледі, - деп жазылған хабарламада.