Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

3 жыл 9 айда Ұлттық ұлан қатарындағы 58 әскери қызметші мерт болды

3 жыл 9 айда Ұлттық ұлан қатарындағы 58 әскери қызметші мерт болды. Бұл туралы бүгін AMANAT партиясында өткен іс-шарада Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Қайрат Үмбетов айтты.

3 жыл 9 айда Ұлттық ұлан қатарындағы 58 әскери қызметші мерт болды
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

«Ұлттық ұлан қатарында соңғы 3 жыл мен 2024 жылдың 9 айында 58 әскери қызметші қайтыс болса, оның 11-і қатардағы сарбаз. Қалғандары офицерлер мен келісімшарт бойынша қызметшілер. 2022 жылы 2 сарбаз Қаңтар оқиғасы кезінде жауынгерлік қызметін атқару кезінде қаза болды. Қайғылы оқиға салдарынан екі әскери қызметші мерт болды. Олар келісімшарт бойынша қызмет атқарған. Негізгі себебі – демалыс кезінде немесе қызметтен бос уақытында өз көлігінде не жолаушы ретінде жол-көлік оқиғасында қаза болуы», - деді ол.

Бас қолбасшы орынбасарының дерегінше, жоғарыда аталған мерзімде 29 қызметі науқастанып өмірден озған.

Олардың ішінде 4 сарбаз бар. Мұнан бөлек, тағы бір әскери қызметші үйінде тоқ соғып мерт болған. Биыл отбасымен демалыста болған келесі әскери қызметші суға батып кеткен.