Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Ауыл тұрғындарына бизнес ашу үшін 5,7 мың грант берілді

Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға жаңа бизнес-идеясын іске асыру үшін 8 941 грант берілді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ауыл тұрғындарына бизнес ашу үшін 5,7 мың грант берілді
Фото: istockphoto.com

Оның ішінде ауыл тұрғындарына 5 769 грант бөлінген. 2024 жылы мал шаруашылығына – 2 331, өсімдік шаруашылығына – 101, құрал-сайман, еңбек құралдарын сатып алуға – 2 425, технологиялық жабдықтарды сатып алуға – 3 941, орын жайды жалға алуға 143 қайтарымсыз грант берілді.

Алушылардың санаттары бөлінісінде көпбалалы отбасылардың мүшелеріне – 5 646, мүгедектігі бар адамдарға – 1 446, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға – 1 045, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға – 253, асыраушысынан айырылу бойынша төлем алушыларға – 365, қоныс аударушыларға – 151, қандастарға – 35 грант берілді.

Биыл гранттар алуға өтініштерді қабылдау 2 лек бойынша өткізілді. Үміткерлерден барлығы 30 мыңнан астам өтініш, оның ішінде көпбалалы отбасылардан – 19,4 мың, мүгедектігі бар адамдардан – 4,7 мың, мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын адамдардан – 3,5 мың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардан 758 өтініш қабылданды. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылған адамдар қатарынан 1,1 мың адам, 289 қоныс аударушы және 169 қандас өтініш берді, - деп жазылған хабарлады. 

Өтінімдердің ең көп саны Түркістан (5,4 мың), Қызылорда (3,3 мың), Жамбыл (3 мың) облыстары мен Шымкент қаласының (2,4 мың), ал ең аз саны Ұлытау (221) және Қостанай (490) облыстарының үміткерлерінен түсті. 2025 жылы да 9 мың грант беру көзделген.