Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Ақтөбе облысында анасы мен баласын көлік қағып, бүлдіршін жан тапсырды

Ақтөбе облысындағы Оңтүстік айналма жолда газель көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағымен жолды кесіп өткен әйел мен баланы басып кеткен. 

Ақтөбе облысында анасы мен баласын көлік қағып, бүлдіршін жан тапсырды
Фото: Istockphoto

Үш жасар бүлдіршін қатты соққыны көтере алмай көз жұмды, ал оның 32 жастағы анасы жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелдің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Диапазонға сілтеме жасай отырып.

ГМЗ ауданындағы Оңтүстік айналма жолда камера мен бағдаршам қойылмаған. Тұрғындар 10 қыркүйекте жергілікті билікке шағым жасап, жүргізушілердің жолаушылар жолағының белгісіне қарамай қатты жылдамдықпен өтіп кететінін айтқан.