Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

БҚО-да қаржылық пирамида ұйымдастырушы сотталды

БҚО соты қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыға үкім шығарды, деп хабарлайды Paryz.kz.

БҚО-да қаржылық пирамида ұйымдастырушы сотталды
Фото: Halyq Uni

Прокуратураның мәліметінше, 2019-2020 жылдар аралығында «Качество PLUS» ЖШС қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құрған Орал қаласының тұрғынын анықтады.

Инвестициялық жобаларға заңды түрде ақша салу деген желеумен ол 73 адамның қаражатын заңсыз тартып, жоғары табысқа уәде берген.

Салдарынан жәбірленушілер жалпы сомасы 143 миллион теңгеден астам материалдық шығынға ұшыраған.

Одан әрі өзіне жеке басшылық бойынша барлық өкілеттіктерді бере отырып, ол азаматтардың тұтыну кооперативінен «Свой DOM.kz» және «Pater Hause» тұрғын үй-құрылыс кооперативінен жалпы сомасы 161 миллион теңгеден астам қаражатты ұрлаған, – делінген прокуратура хабарламасында. 

Сот айыпталушыны қаржы ұйымдарында басшы лауазымдарды атқару және 10 жыл мерзімге қаржы ұйымының мүшесі болу құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар сот үкімімен тыйым салынған жылжымайтын және жылжымалы мүлік, атап айтқанда жер телімі мен автокөлік келтірілген шығынды өтеуге жіберілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.