Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Алматыда түрме басшылығы мен қызметкерлері тергеліп жатыр

ҰҚК Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда түрме басшылығы мен қызметкерлері тергеліп жатыр
Фото: Halyq Uni

«Лауазымды адамдар ҚР Қылмыстық кодексінің 361-ші («Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану»), 362-ші («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») және 366-шы («Пара алу») баптарында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасады деген күдікке ілінген», – делінген ҰҚК хабарламасында. 

Ақпаратқа сәйкес, сот санкциясымен 3 қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Жедел тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.