Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Жамбыл облысында туысының үйінен ет ұрлаған жігіт тергеуге алынды

Ол арызданушының келесі көшеде тұратын күйеубаласы болып шықты...

Жамбыл облысында туысының үйінен ет ұрлаған жігіт тергеуге алынды
фото: дереккөз

Таяуда туыстарының үйінен соғым мен қойдың етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін, деп хабарлады paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

1 наурызда Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің жанындағы қорасында жаюлы тұрған жылқы және қойдың етін белгісіз біреулердің ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Сол күні полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы ауылдың 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол арызданушының келесі көшеде тұратын күйеубаласы болып шықты.

Анықталғандай, ол соғым етінің жайылып тұрғанын алдын ала біліп, қораның есігінің құлпын бұзу арқылы түнгі уақытта жасырын кірген. Тіпті, оның қойды сойған кезде туыстарының үйінде көмектесіп жүргені белгілі болды. Тергеу барысында күдікті жақын туысының үйіне ұрлыққа түскенде мас болғанын, соғым еттерін үйіне апарып асып жеу мақсатында қылмыс жасағанын мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағымен ("Тұрғын үй-жайға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Көрсетілген бапқа сәйкес 2 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.