Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Назым Қызайбайға тағы бір жаңа көліктің кілті табысталды

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға құрмет көрсетіліп, су жаңа көліктің кілті табысталды. Сондай-ақ спортшының әкесі мен бапкері де назардан тыс қалмады, деп хабарлайды Paryz.kz Райымбек ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

Назым Қызайбайға тағы бір жаңа көліктің кілті табысталды
фото: Тұрар Қазанғапов

«Еліміздің даңқын әлемге танытқан жас спортшыға Райымбек ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, ауданның атқамінер азаматтарының қолдауымен су жаңа Lixiang L7 автокөлігінің кілті табысталды», - делінген жазбада. 

Сондай-ақ спортшының әкесі Абай Қызайбай мен жеке бапкері Долкунжан Каменовке де құрмет көрсетіліп, бір-бір ат мінгізілді.