Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Ерболат Досаевтың көмекшісі ұсталған ба – әкімдіктің мәлімдемесі

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың көмекшісі қолға түсті деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Paryz.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ерболат Досаевтың көмекшісі ұсталған ба – әкімдіктің мәлімдемесі
Фото: власт

Дереккөзге сүйенсек, әкімнің көмекшісі ұсталды деген ақпараттың суреті – мүлде жаңсақ ақпарат. Өйткені, баспасөз қызметі ол сурет Алматы облысы Іле ауданы әкімінің суреті дейді.

«Желіде Алматы әкімінің көмекшісі ұсталды деген жалған ақпарат тарады. Оның үстіне тараған ақпараттың суреті – Алматы облысы Іле ауданы әкімінің суреті. Осыған байланысты Алматы әкімдігі жалған ақпарат таратқан адамды анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдейді», - деп жазылған әкімдіктің шұғыл ақпаратында.