Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 150 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері атанды. 

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Фото: istockphoto.com

120 адам – магистратура, 6 адам - докторантура бағдарламалары бойынша оқудан өтеді, ал 24 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына кәсіби тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Дайындықтың басым бағыттарына ерекше назар аударылды-стипендиялардың үштен екісінен астамы жаратылыстану-техникалық пәндер бойынша бөлінді.

Жеңілдікті санаттар бойынша 22 адам шетелде білім алады. Үміткерлер Harvard University, Imperial College London, University of Pennsylvania, University of Melbourne, Columbia University , Johns Hopkins University, University of Bristol сияқты әлемдік рейтингтердің топтарына кіретін университеттерге түсті.

 Ең танымал мамандықтар: ақпараттық технологиялар мен жүйелер, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік, көлік технологиялар және логистика, қоғамдық денсаулық сақтау, неонатология және хирургия, үлкен деректерді талдау, құрылыс, геология және тау-кен ісі, металлургия, қаржы технологиясы, урбанистика және математика. Орталық әлемдік стандарттарға сәйкес келетін мамандарды даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін кандидаттарды конкурстық іріктеуге ерекше назар аударады.