Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Жапония тұрғыны 12 жыл бойы күніне тек 30 минуттан ұйықтаған (ФОТО)

Жапония тұрғыны Дайсуке Хори 12 жыл бойы күніне 30 минуттан ұйықтаған. Ол өмір жасын осы әдіс арқылы ұзартуға тырысып жүр, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Жапония тұрғыны 12 жыл бойы күніне тек 30 минуттан ұйықтаған (ФОТО)
Фото: instagram.com/hori.gahaku/

SCMP жазуынша, Хего префектурасының 40 жастағы тұрғыны Дайсуке Хори өзінің миы мен денесін аз ұйықтауға дағдылаған. Күніне жарты сағат ұйықтап та, қалыпты жұмыс істеуге болады дейді ол.

Тіпті, Хори ешқашан шаршамайтынын айтқан. 2016 жылы ол аз ұйықтайтын адамдардың қауымдастығын құрады.

Ол жерде ұйқы және денсаулық тақырыбында сабақтар өткізеді. Дәрігерлер ультра қысқа ұйқы бәріне бірдей сәйкес келмейтінін және оның салдары ауыр болатынын ескертеді.