Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Шымкентте 4 мыңға жуық науқас мемлекет берген тегін дәрімен қамтамасыз етілмеген

Шымкент қалалық прокуратура медициналық ұйымдардың тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету заңдылығын тексерді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте 4 мыңға жуық науқас мемлекет берген тегін дәрімен қамтамасыз етілмеген
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Тексеру барысында 12 қалалық емханада диспансерлік есепте тұрған 4 мыңға жуық науқас мемлекет кепілдік берген тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмегені анықталды.

«Қадағалау актісі негізінде 3915 науқасқа дәрі-дәрмек берілді, 12 бас дәрігер ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауаптылыққа тартылып, олардан 2 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді, 108 медицина қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды», — деп жазды бақылаушы органнан. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.