Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Алматы облысында бала сатты деген күдікпен 38 жастағы әйел ұсталды

Алматы облысында бала сатты деген күдікпен 38 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлады Paryz.kz.

Алматы облысында бала сатты деген күдікпен 38 жастағы әйел ұсталды
фото: unplash

Қылмыстық топтың қызметін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тоқтатты.

"25 тамызда әлеуметтік желідегі "surak.baribar" парақшасында кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз деген қылмыстық топ туралы жедел ақпарат түсті", – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов. 

28 тамызда жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті Қызылорда облысының тумасы екені анықталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.