Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

БҚО-да ҚАЖ мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін сотталды

БҚО-да мекеме қызметкері сотталды.

БҚО-да ҚАЖ мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін сотталды
Фото: БҚО прокуратурасы

Арнайы іс-шаралар материалдары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.

«Жүргізілген іс-шаралар барысында делдал арқылы 15 мың теңге көлемінде кезекті пара алу және 3 ұялы телефонды алып кіргені үшін мекеменің режимдік бөлімі бастығының м.а. қылмыс үстінде ұсталды. Бұған қоса, мекеме қызметкерінің тыйым салынған марихуана заттарын әкелу фактілері анықталды. Іс бойынша жауап алынған күдікті мекеме қызметкері кінәсін мойындады», - деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Орал қалалық сотының 16.07.2024 жылғы үкімімен мекеме қызметкері Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі бойынша пара сомасының отыз еселенген мөлшерінде, яғни 450 мың теңге айыппұл салумен сотталды.

Осы үкіммен тағы 2 адамға қатысты түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.