Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Есірткі егумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Есірткі егумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Есірткі егумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
фото: прокуратура

Ағымдағы жылы Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен 2022-2023ж. аралығында Қызылорда облысы аумағында есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды.

Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды. 

Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамауда. Тергеу аяқталды. Іс құжаттарымен танысу процесі жүргізілуде.